Балалар үйінің түлектерімен кездесу

2017 жылы 29 маусымда Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының қызметкерлері «Дара» қайырымдылық қорымен бірге «Балалар үйі» ММ түлектері үшін ұйымдастырылған «Өмір мектебі» шарасын өткізді.

Кездесу барысында жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйге мұқтаждылар кезегіне тұру тәртібі, тұрғын үйді алу және сатып алу тәртібі туралы түсініктер берілді, жетім-балалар есебінде тұрған кезектегілердің реттік номері туралы мәліметтер берілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыстық жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді алу тәртібі бойынша мәселелер талқыланды.

Қазіргі таңда Астана қаласының Тұрғын үй басқармасында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін мұқтаждылар кезегінде «жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша – 2 613 адам тұр.

 

 

Вложения
ФайлОписаниеРазмер файла
Download this file (благодарность.pdf)благодарность.pdf 5724 kB

Тұрғын үй қатынастары туралы заң

Тұрғын үй бойынша тізімде кезектілік нөмірін іздеу

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Этикалық кодексі

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Астана қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

E-mail

upr_zhilie@list.ru

© 2016 Официальный сайт ГУ «Управление жилья г.Астаны»
Яндекс.Метрика