1. Жалпы ережелер

 1. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың яғни мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын-жай беру, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлік объектілерінің бұзып алуды жүргізеді, сондай-ақ, апатты және ескірген үйлерді бұзу бойынша жекелеген қызметтерін іске асыруға, қала әкімдігімен уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, нормативтік құқықтық актілерге, Астана қаласы әкімінің  және әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұййымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаcы, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Қазынашылық аумақтық органдарында заңнамаларға сәйкес шоттары болады.

4. Басқарманың құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылады.

5. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Тұрғын үй Басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

6. Басқарманың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Т. Бигелдинов көшесі, 74/1.

2. Басқарма қызметінің мәні мен мақсаты, өкілдігі

7. Басқарма қызметінің негізгі мақсаты Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пайдалану болып табылады.

8. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Басқарма келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою (сатып алу) бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарды  мақсатты пайдалану, сондай-ақ, апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу;

2) мемлекеттік коммуналдық тұрғын  үй қорынан тұрғын үйлерді пайдаланған кезде мемлекеттің құқығы мен заңды мүдделерін сақтау;

3) Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлерді сату.

9. Басқарма қызметінің негізгі түрлері:

1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуға байланысты, жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен жер учаскелерін босатуға меншік иелеріне (жерді пайдаланушыға) өтемақы ақшалай қаражатты аудару жолымен беруде тапсырыс беруші болып табылады. Жер учаскесінің меншік иелерінің (жерді пайдаланушының) келісімімен өтемақы берудің басқа жолдарды қолдануға жіберіледі;

3) Құлағалы тұрған апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу мақсатында жер учаскелерін алып қоюды жүзеге асыруда тапсырыс берушісі болып табылады;

4) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге  мұқтаж азамттарды есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, азаматтарға Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үйлерді іске асыруды жүргізеді;

6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру кезінде кезектің сақталуына және заңдылығына бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар беру және кезекке қою немесе кезектен шығару мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімдігіне қарастыруға және бекітуге енгізілген материалдарды дайындайды.

8) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, азаматтардан түскен тұрғын үй мәселелері жөніндегі өтініштер мен ұсыныстарды және олар бойынша шешім қабылдайды;

9) белгіленген тәртіппен ресімдеуді, жасасуды және беруді жүзеге асырады:

 мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі тұрғын орындарға орналасуға құқық беретін жалға беру шартын;

 қызметтік тұрғын-жайды иеленуге жалға беру шартын;

қызметтікке теңестірілген тұрғын-жайға  жалға беру шартын;

жатақханалардағы тұрғын-жайларға  жалға беру шартын;

10) келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматтардан құжаттар қабылдайды және қарастырады:

республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған орталық мемлекеттік органның қызметкерлерімен  нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, өздері тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын жайларға сатып алу шарттарын жасасу;

жеке тұлғалармен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын-жайларына жекешелендіру шарттарын жасайды;

құқық беретін құжаттарды түзету және аты-жөнін толық жазу, дубликаттарды ресімдеу және беру;

11) меншік нысанына қарамастан тұрғын үй қорының пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

12) тұрғын-жайлардың пайданылуын, жалпы пайдаланудағы орындардың, баспалдақ алаңдарының, лифттердің, дәліздердің санитарлық жағдайын бақылауды енгізу;

13) үй маңайы аумағының мақсатты пайдаланылуын және абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауды енгізу;

14) ведомствалық кәсіпорындар қатысындағы мемлекеттік басқару органның қызметін органның қызметін іске асырады;

15) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.

16) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты іске асыру;

10. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді атқару үшін өз құзыреті шегінде құқығы бар:

1) кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар өзіне жүктелген қызметтерді орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды және ақпараттарды сұрастырып алуға;

2) азаматтардан тұрғын үй алаңын беру және есепке тіркеу үшін қажетті мәліметтерді және құжаттарды сұрап алуға, жалға беру, жекешелендіру шарттарын және тұрғын-жайды сатып алу немесе айырбастау шарттарын жасауға;   

3) тұрғын үй алаңын заңсыз беруге ықпал еткен анықталған жағдайда жалға беру шарттарын, жекешелендіру және сатып алу шарттарын беруді тоқтатуға;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы мәселені қоюға:

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды;

тұрғын-жай ғимараттарын жалға беру, жекешелендіру және сатып алу шарттарын беру, тұрғын-жайды беру, есепке тіркеу мәселесі бойынша сәйкес келмейтін мәліметтерді, сондай-ақ, мемлекеттік мекеме қызметіне қатысты басқа да мәселелер жөніндегі құжаттарды тапсырған азаматтарды,

5) талап беруші, соттарда талап етуші, жауап беруші, үшінші тұлға, куәгерлер, мемлекеттік мекеме қызметіне байланысты істер жөніндегі мамандардың мүддесін білдіруге құқылы.

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

11. Басқарма мемлекеттік мекемені құру мақсатына жауап бермейтін қызметтермен айналысуға құқығы жоқ.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

12. Астана қаласының әкімімен тағайындалған Бастық Басқарманы басқарады. Басқарма бастығының орынбасарлары бар, олар заңнамаға сәйкес тағайындалады.

13. Басқарма бастығы  Басқарма жұмысын басқаруды жүзеге асырады және ұйымдастырады, сондай-ақ, Басқармаға жүктелген міндеттерінің орындалуына және өз қызметтерінің жүзеге асуына, Басқарма қызметкерлері жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын  сақтамағанына жауапты.

14. Бастық осы мақсатта:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және өз орынбасарларының жауапкершілік дәрежесін және міндеттерін белгілейді;

2) Басқарма бағыныстағы қызметкерлерін және ведомстволық кәсіпорын басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;

3) Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық кәсіпорын басшыларына тәртіптік жаза қолданады:

4) Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті және өз құзыреті шегіндегі бұйрықтарды шығарады;

5) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғыларын бекітуге келіседі;

7) өз құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

15. Басқарма қабылдайтын шешімдер Бастықтың қолы қойылған бұйрықтармен ресімделді.

16. Бастық болмаған жағдайда Басқарма қызметін үйлестіретін оның орынбасарларының біреуі алмастырады, Бастық жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.

 4. Басқарма мүлкін қалыптастыру және қаржыландыру  тәртібі

  17. Басқарма мүлкі коммуналдық  меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.

  18. Басқарманы қаржыландыру тек қана Астана қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

  19. Басқарма штаттық саны шегі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штаттық сан шегінің шеңберінде қала әкімдігімен белгіленеді.

  20. Басқарма бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес есеп береді.

 5. Басқарма жауапкершілігі

  21. Басқарма өз міндеттері бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін өз иелігіндегі ақшалай қаражатқа  жауап береді.

  22. Басқармамен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкімімен белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.

 6. Ержеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  23. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

 7. Басқарманы қайта құру және тарату

  24. Басқарманы қайта құру және тарату Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша немесе заңнамаға сәйкес сот шешімімен жүзеге асырылады.

  Басқарма қайта құрылған немесе таратылған жағдайда мүлікті қайта бөлу  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй қатынастары туралы заң

Тұрғын үй бойынша тізімде кезектілік нөмірін іздеу

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Этикалық кодексі

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Астана қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

E-mail

upr_zhilie@list.ru

© 2016 Официальный сайт ГУ «Управление жилья г.Астаны»
Яндекс.Метрика