«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы»,келесіні хабарлайды

2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұдан әрі кезекте тұрушылар деректерінің Біріңғай Республикалық электронды базасын енгізу үшін «Электронды үкімет аймақтық шлюзі» (бұдан әрі-ЭҮАШ) ақпараттық жүйесіне коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімдерін біріктіру бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұдан әрі кезекте тұрушылар деректерінің Біріңғай Республикалық электронды базасын енгізу үшін «Электронды үкімет аймақтық шлюзі» (бұдан әрі-ЭҮАШ) ақпараттық жүйесіне коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімдерін біріктіру бойынша жұмыстар аяқталған болатын.

Оған ауысу Астана қаласында кезекте тұрушылар тізімдеріне Әділет министрлігінің (тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу, некені тіркеу немесе бұзу, туу не қайтыс болуы бойынша), ішкі істердің (тұрғылықты жерін тіркеу бойынша) ақпараттық жүйесі мәліметтерін байланыстыруда түгендеуді тиімді жүргізуге әкелді.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының  71-бабына сәйкес уәкілетті орган Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар есебінде тұрған азаматтарының кезектiлiк тiзiмiне жыл сайын түгендеу өткізедi.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының  73-бабына сәйкес азаматтарды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығару,егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылған кезде жүзеге асырылады.

Осыған орай, 2018 жылдың 07 ақпанындағы Астана қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының шешімімен, келесі азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен алынып тасталды:

Кезектен алынып тасталған азаматтардың тізімі

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының73-бабының 4 тармағына сәйкес, азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебiне ол үшiн негiздер болмаса да қойылып, тәртiп бұзушылық байқалған, бiрақ кейiннен мұндай негiздер пайда болған жағдайларда ол негiздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегi соған сәйкес ауыстырылады немесе тұрғын үй берiлуi үшiн негiздері жойылса ол коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығарылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72-бабына сәйкес егер азаматтың соңғы жылдар iшiнде өз тұрғын үй жағдайын тұруға жарамды меншік құқығы негізінде оған тиесілі сол аймақта немесе Қазақстан Республикасының басқа тұрғылықты аймақтарында орналасуынан тәуелсіз, тұрғын үйді иелігінен шығару жолдармен қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйге мұқтаж болғаны белгілі болса, оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегіне есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін.

Кезегі ауыстырылған азаматтардың тізімі

Тұрғын үй қатынастары туралы заң

Тұрғын үй бойынша тізімде кезектілік нөмірін іздеу

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Этикалық кодексі

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Астана қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

E-mail

upr_zhilie@list.ru

© 2016 Официальный сайт ГУ «Управление жилья г.Астаны»
Яндекс.Метрика