КЕЗЕКТЕ ТҰРУШЫЛАР НАЗАРЫНА

Халықтың көпшілігін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бекітілді, онда тұрғын үй сатып алудың бірқатар бағыттары көзделген. Солардың бірі тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын болып табылады.

Бағдарламаға сәйкес, аталған бағыт бойныша 50% пәтер коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрған азаматтарға (ЖАО кезектегілері) беріледі, 50% пәтер банктің салымшыларына берілетін болады. Қатысушыларды іріктеу және банк салымшыларынан және ЖАО кезекте тұрушыларынан құжаттарды қабылдауды «Қазақстан Тұрғын үй құрылыстық жинақ банкі» АҚ бағалау көрсеткіштері арқылы жүргізеді.

Құрылыстың аяқталуына орай «Қазақстан Тұрғын үй құрылыстық жинақ банкі» АҚ 2017 жылдың 25 желтоқсанынан 2018 жылғы 24 қаңтар бойныша аралықта «Қошқарбаев көшесі мен Жұмабаев даңғылы (жобадағы) көшелері қиылысы ауданындағы 1 және 2 учаске көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы» екі обьекті бойынша 620 пәтерді сатуға құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Бір шаршы метрінің құны – 180 000 теңге.

Осыған орай, ЖАО кезектегілері «Қазақстан Тұрғын үй құрылыстық жинақ банкі» АҚ жинақ салымдары бар болған жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде Банктің www.hcsbk.kz ғаламтор ресурсында «Интернет банктің/жеке кабинетіне» өтініш беру арқылы бағдарламаға қатыса алады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен толық танысу, құрылыс обьектісін сипаттау, оның ішінде ғимарат фасадының және тұрғын үйдің жобасымен Банктің www.hcsbk.kz ғаламтор ресурсында Baspana.kz мүлік порталында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда «Қазақстан Тұрғын үй құрылыстық жинақ банкі» АҚ Колл-орталығына 300 номері бойынша (ұялы телефоннан ақысыз) хабарласуға болады.

 

Тұрғын үй қатынастары туралы заң

Тұрғын үй бойынша тізімде кезектілік нөмірін іздеу

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жоспары

Тәуелсіздіктің 25 жыл

Call-center

Президент жолдауы

Этикалық кодексі

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Байланыстар

+7 (7172) 32-01-58

Мекен-жайы

010000, Астана қаласы,

"Сарыарқа" ауданы, Сейфуллин көшесі, 30

E-mail

upr_zhilie@list.ru

© 2016 Официальный сайт ГУ «Управление жилья г.Астаны»
Яндекс.Метрика